Құрметті Келес ауданының тұрғындары!
Келес аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 19-20 шілде аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарда болып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру мәселелері де акцияның мақсаты болып табылады.
Көші-қон заңнамасы, жол-көлік қозғалысы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа құқықтық мәселелер бойынша сауалдарыңыз болса, аудан орталығы Абай ауылындағы Келес АПБ алдына келіп, кеңес алуларыңызға болады.
Келес АПБ-ның басшылығы мен сала қызметкерлері сұрақтарыңызға жауап береді.
КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ