• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР: ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ? (-3-)

Автор:admin

Сен 3, 2024
Spread the love

Сондай-ақ облыс әкімі Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне көшуді тапсырғанын атады.
– Осы орайда Мемлекет басшысы мемлекеттен субсидия алу үшін заңсыздық фактілері орын алатынын атап өтті. Басқарма басшысына мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тапсырамын. Субсидия бөлуді ашық түрде заңды құқықтардың бұзылмауын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар Жолдауда көрсетілгендей, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау. Облыста жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек. Облыстағы пайдалы қазбаларды пайдалану үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешіп, құрылыс сапасына жасалатын бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырамын, — деді өңір басшысы.
Айқындалған жаңа міндеттерді түсіндірген басшысы облыс жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы үлкен қолдауға ие болғанын айтты. Жолдауда айқындалған әр бағыт бойынша жауапты басшылар нақты тапсырмалар алды. Өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруды, Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуды және бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беруді, тұрғындарға медициналық нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жеке инвесторларды тартып, жеке медициналық нысандарды салу жұмыстарын күшейтуді, спорт саласын дамытуды, экологиялық ахуалды жақсартуды, Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруды, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейтіп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика