• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖОЛДАУ – ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Автор:admin

Сен 2, 2024
Spread the love
Еліміздің егемендік алғалы үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады? Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр.
Еліміздің әрбір азаматы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін мемлекет басшысының жолдауы 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі ерекше назар аудартты. Жылдағыдай биылғы жолдауда да өте маңызды мәселелер көтерілді.
Биылғы Жолдауды Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, жергілікті депутаттар мен бөлімдердің, қоғамдық ұйымдардың басшылары бірге тыңдады.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындайтын «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекет басшысы соңғы жылдары орын алған түрлі қиындықтардан соң елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөлу керектігін айтып өтті.
Президент бірлескен отырысқа қатысқан Парламент депутаттарына әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындауға шақырды. Халықтың мүддесін қорғау жолында әрдайым табандылық танытуы керек екеніне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет екендігін де ескертті.
Бүгінде Жетісай ауданында да Мемлекет басшысының бастамаларын жүзе асыру мақсатында орта және шағын бизнесті, агросекторды, тұрғын үй құрылысы, медицина мен білім салалары күн санап қанат жайып, дамып келеді. Бұл бағыттарда қабылданған мемлекеттік, стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастырылған.
«Ел Президентінің жаңа экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайға байланысты ел тағдырын жан-жақты талдап, дамудың стратегиясын көрсеткен осы Жолдауын қолдай отырып, оны іске асыру үшін барлық біліміміз бен тәжірибемізді жұмылдырумыз қажет» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика