• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ – БАРШАМЫЗДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Автор:admin

Сен 1, 2023
Spread the love

Бүгін әріптестеріммен бірге Мемлекет бастшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадым. Дәстүрлі түрде жыл сайын жаңа оқу жылының басында, «Білім күні» мерекесінде жолданатын Президент Жолдауынан күтеріміз көп. Себебі, бұл – еліміздің келешектегі дамуы мен өркендеуі жолындағы стратегиялық мақсат-міндеттерін айқындайтын саяси маңызы бар құжат.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атқарылған жұмыстардың біршамасын атап өтіп, алдағы қысқа уақытта атқарылуы тиіс істердің жүйелі жүргізілуін тапсырды.
Жолдауда жаңа экономикалық модельге көшуді көздеп отырған еліміздің ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жаһандық ахуал, халықаралық еңбек нарығы, технологиялық бәсеке, ресурстар үшін жүргізіліп жатқан талас-тартыс, климаттың өзгеруі мен азық-түлік қауіпсіздігі, демографиялық орнықты даму сынды мәселелерге баса назар аударылды. Бүкіләлемдік сын-қатерлер мен болып жатқан өзгерістер бізге жаңа экономикалық үлгіге көшуді талап етіп отырғанын бәріміз жақсы түсініп отырмыз. Осы мақсатқа жету жолында қойылған міндеттерді толық орындау баршамыздың азаматтық парызымыз деп білемін.

Аймаққа ғана емес республикамыздың барлық өңірлеріне педагог мамандар даяртлайтын біздің іргелі оқу ордамыз бұл міндет үдесінен сырт қалмақ емес. Бүгінгі Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асуы ол ең алдымен маманның сауатты және толыққанды кәсіби маман болуына байланысты. Осы тұрғыда мектеп партасында отырған еліміздің келешегі – жас ұрпақты оқытып-тәрбиелейтін ұстаздарды заман талабына сай жан-жақты маман етіп оқытып, тәбиелеу – біздің басты міндетіміз. Кеше ғана мектептен түлеп ұшқан жастардың университетте 4 жыл оқып, білікті маман болуына біз жауаптымыз. Ал біздің болашақ түлектеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне, бліміне тікелей жауапты.

Президентіміз атап өткен қоғамдық сана мен адамдық ниеттің таза болуының түп негізі ұлттық тәрбие мен құндылықтарда деп білемін. Сондықтан ұстаздар даярланатын, ұлт қайраткері Ө.Жәнібеков есімін иеленген оқу ордасы Президент Жолдауында айтылған мәселелерді жүзеге асыруды күн тәртібінен түсірмесен, қарқынды жұмыс жүргізе береді.

Байғұтова Динара Нышанқызы,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ доценті,
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика