Кентау қаласында пробация және жергілікті полиция қызметттерінің есебінде тұрған адамдардың қатысуымен футболдан жолдастық кездесу жарысы өткізілді, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар бөлім тарапынан тиісті дәрежедегі диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.