• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ЖЕТІСАЙ: ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

Автор:admin

Май 17, 2024
Spread the love

Мобильді топ Жетісай ауданына қарасты шалғай елді мекендерде болып, 80-нен аса тұрғындарға Заң көмегін көрсетті.
Ауыл тұрғындары жерді рәсімдеу, мерзімі өткен несиенің пайызын төмендету, кәріз жолдарын тазарту, кәсіпкерлікпен айналысу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, жұмыспен қамту, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алудың мерзімін қайта қарау, комплаенс офицерлерге арнайы штат қарастыру, ауылды жерлерге жедел жәрдем бөлу, медицина мамандарының тапшылығына қатысты қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Бұдан бөлек, топ құрамындағы Антикор еріктілері кепіл мерзімі аяқталмаған құрылыс нысандарына (ауылдық клубтарға, әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандарға, орталық стадион мен көп қабатты тұрғын үйдің және аяқсыз қалған Қазыбек би ауылдық округіндегі футбол алаңшасының жай-күйіне) қоғамдық бақылау жүргізді.
Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша аудан әкімінің басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Орындалауы Департаментпен бақылауға алынды.
Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ аймақтағы шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылауды жыл көлемінде жүргізетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика