Жетісай ауданы аумағында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты –балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүру қауіпсіздігін сақтауға жасөспірімдерді дағдыландыру.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз өкілдерінсіз ойын сауық мекемелерінде болуын және түнгі сағат 23:00-ден көшеде жүрген оқушыларды анықтау. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданда орналасқан 73 мектептің оқушылары арасында арнайы дәрістік сабақтар күнделікті өткізілуде.