Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында 2023 жылдың 12 айы мен биылғы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есебін берді.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен аудан аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыспен күресті күшейтуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырған жұмыстарының нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 441-ден 356-ға, яғни, 5,4%-ға төмендеген.
Нақтырақ айтар болсақ, ауырлығы онша емес және орташа дәрежедегі қылмыстар 250-ден 231-ге, ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар 148-ден 134-ке, ауырлығы онша емес қылмыстар 102-ден 97-ге, денсаулыққа қасақана ауыр дәрежедегі зиян келтіру қылмысы 10-нан 7-ге, тонау 5-тен 2-ге, қорқытып алу қылмысы 5-тен 1-ге, алаяқтық қылмысы 130-дан 89-ға, пәтер ұрлығы 36-дан 32-ге, ұялы телефон ұрлығы 16-дан 13-ке азайып, мал ұрлығы 28,6 пайызға төмендесе, қалта ұрлығы мүлдем тіркелмеген…