• Вс. Июн 1st, 2025
Популярные метки

ЖЕТІСАЙ: АУДАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

30.05.2025 жылы бір мезгілде Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде соның ішінде Жетісай ауданы бойынша «Халық заңгері» жалпы Республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсатын Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Алданиязов құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу бойынша «Санұр» телеарнасына сұхбат беріп, түсіндірді.
Акцияға Жетісай ауданы бойынша бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Ы.Ерназаров, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері А.Шәріпбаев, Е.Әбдіразақ, Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Т.Шахидинов, Түркістан-Қызылорда облысы бойынша заң консультантарының өңіраралық палатасының заңгері Б.Дүйсенбиев, нотариус Г.Акилбаеваның және жеке сот орындаушы Н.Икаятұлының, мемлекеттік сот орындаушылары А.Қалдарбековтың, Қ.Досымовтың қатысуында аудан тұрғындарына ақысыз заңгерлік көмек көрсетті. Яғни, негізгі мәселелердің бірі жер саласына қатысты жер кезегіне тұру, мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелері, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі, қала аумағында жолдың тазалығы, мұрагерлік, сот шешімдерін орындау, несие, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға тиісті мамандар тарапынан жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.
Акцияға аудан бойынша 60 жуық тұрғынға тегін құқықтық көмектер алды.
Өз кезегінде, бойынша «Халық заңгері» жалпы Республикалық акциясына белсене қатысқан тұлғалар алғыс хатпен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика