Қазақстан сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан елдердің бірі. Әсіресе оңтүстік өңірлерде, оның ішінде Шымкент қаласында жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жатады. Осыған байланысты қалада жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жер сілкінісі кезінде адам өмірін сақтау мен апаттың салдарын азайту үшін қауіпсіздік шараларын алдын ала білген және оларды дұрыс қолдана білген маңызды. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Жер сілкінісі кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
— Ғимарат ішінде болсаңыз – сабыр сақтап, терезеден, ауыр жиһаздар мен сөрелерден алыстау жерге тұрыңыз. Үстелдің астына тығылып, басыңызды қолмен немесе жастықпен қорғаңыз.
— Ашық жерде болсаңыз – ағаштардан, электр желілерінен, биік ғимараттардан алыстауға тырысыңыз.
— Қозғалыста болсаңыз (көлікте) – жол шетіне тоқтап, көліктен шықпай күтіңіз.
— Жер сілкінісі тоқтаған соң – тез арада ашық алаңға шығып, ғимараттардың жағдайын тексеру қызметтерінің нұсқауын күтіңіз.
Шымкент қаласында қабылданып жатқан шаралар:
— Қала аумағында сейсмологиялық мониторинг жүйелері орнатылған.
— Білім беру мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарда эвакуация жоспарлары жасақталған.
— Халыққа арналған жадынамалар, брошюралар және бейнероликтер дайындалып, көпшілікке таратылуда.
— Құтқару қызметтері, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері арнайы дайындықтан өтеді.
Шымкент қаласы әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апаттық жағдайларда жедел әрекет ететін мамандандырылған құрылымдарды нығайтып келеді. Қала тұрғындарына төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес беріледі.
