Атап айтқан жөн, алаяқтардың қылмыстық схемасында дроппер (өзінің банктік шотына қылмыстық жолмен түскен ақшаның белгілі бір пайызы үшін алаяқтарға банк картасын өз еркімен берген тұлға) қатысқан.
Негізінен, 45 жастан асқан азаматтар алаяқтардың құрбаны болуда.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін есіңізде САҚТАҢЫЗ:
— Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҚР Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің жұмысшылары азаматтарға олардың банк шоттарында күдікті операциялар өткізіліп жатқандығы туралы ақпарат айтып, қонырау шалмайды;
— үшінші тұлғаларға өздеріңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде банк шоттарының нөмірлерін, банк картасының сыртқы жағында көрсетілген 3 таңбалы кодтар туралы және құпия сөздерді және ақпаратты бермеңіз;
— ұялы телефондарға түрлі қосымшалар мен мессенджерлер арқылы келіп түсетін күдікті сілтемелерді ашпаңыз;
— өзіңіздің атыңызға несие рәсімдеп, ақша қаражатын үшінші тұлғаларға бермеңіз;
— өз ақшаңызды бөгде адамдардың шоттарына аудармаңыз.
Алаяқтардан зардап шеккен адамдар ҚР Азаматтық кодексінің 353, 953-960-баптары, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 148-149-баптары негізінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дропперлерден өз ақшаларын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Сақ және абай болыңыз!
Өз мүлкіңізді алаяқтардан сақтаңыз!