• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы істерді қарау тәжірбиесі бойынша мәжіліс өтті

Автор:admin

Апр 5, 2024
Spread the love

Шымкент қалалық сотында Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы істерді қарау тәжірбиесі» тақырыбында мәжіліс өтті, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжіліске Шымкент қалалық сотының судьясы Тамара Смайлова, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы мен жергілікті соттардың судьялары, сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіпкерлер палатасының, Адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Тамара Қалиқызы жиынды ашып, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы мәселелер бойынша сот практикасын талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов пен судья Г.Жолбарыс және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы М.Арысова баяндама жасады. «Оңалту рәсімі бойынша 2023 жылы барлығы — 31 арыз түскен, 7 — еуі кері қайтарылған, аяқталған істер саны – 20. Қысқартылғаны — 4, сот шешімі — 8, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 7 және қанағаттандырудан бас тартылғаны 1-еу. Банкрот деп тану бойынша 2023 жылы — 275 арыз түскен, оның кері қайтарылғаны – 50. Аяқталғаны — 218, сот шешімі — 145, қанағаттандырылғаны — 129, қанағаттандырудан бас тартылғаны — 16, қысқартылғаны — 8, қараусыз қалдырылғаны — 65. Биылғы 3 айда оңалту рәсімі бойынша 11 арыз түскен, қайтарылғаны — 5, аяқталғаны — 8, қанағаттандырылғаны — 7, қараусыз қалдырылғаны — 1, қазіргі таңда қаралып жатқан істер саны — 3. Бір іс апелляциялық сот алқасына жолданған, қазіргі таңда алқаның қарауында», — деді Мәлік Майсақанов өз баяндамасында. Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты. Іс-шараны қорытындылай келе, Тамара Қалиқызы күн тәртібіндегі идеялар мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына дұрыс үлес қосатынын айтып, қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика