• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жедел-криминалистикалық бөліністерінің криминалистерінің емтиханы өтті

Автор:admin

Ноя 4, 2024
Spread the love

2024 жылғы 01 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің басшылығы мен квалификациялық комиссиясы Шымкент ҚПД Жедел-криминалистикалық бөліністерінің криминалистері М.Уркинбаевтан, Е.Абдураймовтан және Н.Молдабаевтардан дактилоскопиялық, трасологиялық және баллистикалық зерттеу әдістемелері бойынша біліктілік емтиханын қабылдады.
Емтиханға Шымкент ҚПД-нің кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік басқармаларының жауапты қызметкерлері комиссия мүшесі ретінде қатысты.
Емтихан алдын аталған қызметкерлер өздігінен зерттеу үлгілерін дайындап, зерттеулері ІІМ ЖКД тарапынан қолдау тауып, біліктілік курстарынан өтіп, емтиханға дайын екендігін көрсетті.
Емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған қызметкерлерге зерттеу жүргізуге рұқсат куәліктері беріліп, қызметте жоғары жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.
Шымкент ҚПД Жедел-криминалистикалық басқармасы Ақпараттық технология мен цифлық криминалистиканы дамыту бағытында жұмысты тереңінен жүзеге асыруда.
Практика мен теорияда криминалистік идентификация 2 түрде кездеседі:
1. материалды бекітілген криминалистік идентификация;
2. идеальды (ең озық үлгідегі) криминалистік идентификация;
1. Материалды бекітілген криминалистік идентификация -материалды іздер мен олардың өзгерістерінің бегілерін есте қалдыруға байланысты болады, яғни объекттерде қалдырады (іздерді, фотосуреттерде т.б.).
Бұларға: қол іздері, аяқ-аяқ киім іздері, қару-бұзу, қару іздері, адамдардың, айғақ заттардың, мәйіттердің фото-кинобейнетаспадағы бейнелері, суреттері жатады.
Криминалистикалық тактика дегеніміз — тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлулдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелер жиынтығы.
Криминалистикалық тактика зерттейтін сұрақтардың ең бір негізгісі, түйіндісі – ол тактикалық тәсіл.
Тактикалық тәсіл дегеніміз — ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдай, тергеу әрекетінің нәтижелігін артыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері.
Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситцациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданыланды.
Бір тергеу әрекеті барысында, кезегімен бірнеше тактикалық тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Тактикалық комбинация мен операция дегеніміз – ол тергеу барысында тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығын және олардың бір кезекпен, жүргізу әдісі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика