• Пт. Авг 22nd, 2025
Популярные метки

Жаңа заңға қол қойылды

Автор:admin

Авг 22, 2025
Spread the love
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда қорқыту, бопсалау немесе өкілеттігін асыра пайдаланған коллекторлар тек айыппұлмен ғана емес, қылмыстық жауапкершілікпен де жазаланатын болады.
Бұрын тек әкімшілік жауапкершілікпен шектелсе, енді:
▪️ өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін — 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру,
▪️ қорқыту, күш қолдану, жалған құжат жасау немесе бопсалау — 5 жылға дейін түрме жазасы.
Қатаңдатудың себебі — борышкерлерге қысым жасау жағдайларының жиілеуі: қорқыту, психологиялық зорлық, туыстарға қысым көрсету, құжаттарды қолдан жасау, түн ортасында қоңырау шалу.
«Коллекторлық қызмет туралы» заңға сәйкес, коллекторлар:
— аптасына ең көп дегенде 3 рет қана қоңырау шала алады,
— тек сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін,
— жеке кездесу — тек сағат 20:00-ге дейін және борышкердің келісімімен.
Тыйым салынады:
❌ өздерін полиция немесе сот орындаушысы ретінде таныстыруға,
❌ қарыз туралы мәліметтерді жариялауға,
❌ қорқытуға немесе кемсітетін сөздер қолдануға,
❌ туыстарымен немесе әріптестерімен рұқсатсыз байланысуға.
Жаңа заң — бұл белгі: егер коллектор қысым көрсетсе, енді нақты қорғану тетігі бар. Әңгімелерді жазып ал, фактілерді тірке де шағымдан — тіпті қылмыстық іс қозғауға болады.
Өзіңізге сақтап қойыңыз. Коллекторлардың заңсыз әрекетіне тап болғандарға жіберіңіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика