Бүгін Шымкентте ҚР Қорғаныс министрлігінің 35748 әскери бөлімінде аумақтық қорғаныс бригадасына Жауынгерлік Туды тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Тапсыру рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, бөлім командирлері, Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері, ардагерлер, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Алан» халықаралық мектебінің оқушылары қатысты.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскери қызметшілерді құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті — ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грамотасының мәтінін оқыды.
«Жауынгерлік ту әрбір әскери қызметшіге Отанды қорғаудың батырлық дәстүрлері мен қасиетті борышын еске салады. Жауынгерлік ту-әскери бөлімнің тарихы мен сіңірген еңбегінің, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілілігінің куәлігі. Әскери ар-намыс пен ерліктің, даңқтың нышаны әрқашан биікте желбіресін»,-деді генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде Жауынгерлік Туды тапсыру әрқашан үлкен құрмет пен мақтаныш екенін атап өтті.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру әрқашанда қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені балалық шақ пен жасөспірім шақ — Отанға деген сүйіспеншілік атты қасиетті сезімді сіңіруге ең қолайлы уақыт. Патриоттық тәрбие оқушылардың туған жерге, елге, оның табиғатына, ұлттық және төл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін біртіндеп қалыптастыру деп түсініледі. Ол ұлттық мәдениеттің бастауымен таныстыруға, өз халқы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, олардың жетістіктерін құрметтеуге бағытталған.
Патриотизм — бұл Отанға деген сүйіспеншілік, өз Отанына адалдық, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу, оны қорғауға дайындығы.
Патриотизм — мемлекеттің өміршеңдігінің моральдық негізі және қоғамды дамытудың маңызды ішкі жұмылдырушы ресурсы, белсенді азаматтық ұстанымы мен Отанға қызмет етуге дайындығы.