• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАС ЧЕМПИОНЫМЫЗ ТАҒЫ ТҰҒЫР БИІГІНЕН КӨРІНДІ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды.
2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген.
Спортшы шәкіртіміз Шахужахон Эшмуратов Қырғызстан елінде өткен кикбоксингтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі I орын иеленіп, Азия_чемпионы атанған. Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен!
Эшмуратов Шохужахан 2023ж. 23-29 қазан арасында Тараз қаласында өткен, Кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасында Қазыбек Тауасарұлы атындағы халықаралық турнирдің жүлделі I орын иеленген болатын.
Оқу мен спортты серік еткен, отбасындағы бес перзенттің үлкені, Шәкіртіміз ендігі кезекте Әлемді мойындатуына тілектеспіз!
Айта кететін, Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика