«БЖЗҚ» АҚ-ға «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініш беру жалғасын табуда.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі — Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50% Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық жастағы балаларға жыл сайын, олар кәмелетке толғанға дейін теңдей бөлінеді. Алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға 2024 жылғы ақпанда түсті. 18 жасқа толғаннан кейін жастар нысаналы жинақтарын тұрғын үй және/немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады. Ол үшін нысаналы жинақтарды пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде тіркелген банктерге өтініш берулері керек. Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ белгіленсе, білім алуға арналған нысаналы жинақтарды екі уәкілетті оператор — «Отбасы банкі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы пайдалануға болады.
01.06.2024 жылға БЖЗҚ жалпы сомасы 952 911,64 АҚШ долларына 9 503 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 458 220,04 АҚШ долларына 4 572 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 494 691,60 АҚШ долларына 4 931 өтініш орындалды.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту
Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды қалағандардың ішінде есепті кезеңде Шымкент қаласының (77 104,16 АҚШ долларына 768 өтініш орындалды), Қызылорда облысының (59 304,72 АҚШ долларына 590 өтініш орындалды) және Шығыс Қазақстан облысының (34 074,72 АҚШ долларына 339 өтініш орындалды).
Бұл ретте қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары мыналар болды:
— одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (439 279,86 АҚШ долларына 4 382 өтініш орындалды – барлық орындалған өтініштердің 95,8%),
— азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу үшін (түпкілікті есеп айырысу) — 5 978,86 АҚШ долларына (1,3%) 60 өтініш,
— тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін — 4 622,36 АҚШ долларына (1%) 46 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу
Қаражатты білім алу ақысын төлеу үшін пайдаланған ең белсенді қазақстандықтар тағы да Шымкент қаласының тұрғындары (78 817,30 АҚШ долларына 785 өтініш орындалды), екінші орында – Жамбыл облысының тұрғындары (51 712,20 АҚШ долларына 516 өтініш орындалды), үшінші орында – Жетісу облысының тұрғындары (829,82 АҚШ долларына 497 өтініш орындалды).
Осы бағыттағы ең танымал қосалқы мақсаттардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:
– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін — 412 567,58 АҚШ долларына 4 113 өтініш орындалды (орындалған өтініштердің 83,4%).
— білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру үшін – 59 769,76 АҚШ долларына (12,07%) 595 өтініш орындалды,
— шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу үшін – 15 319,42 АҚШ долларына (3,1%) 153 өтініш орындалды.
Нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы. Бұл ретте пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Мәлімет үшін. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 01.01.2024ж. — 6 919 131 бала (қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. дейін туған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған балалар) 2024 жылы 18 жасқа толады. Олардың барлығына 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшерінде бірдей нысаналы талап сомасы есептелген.
Баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне қосылғаны туралы ақпаратты ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер kids.enpf.kz сайты арқылы баланың ЖСН нөмірі бойынша тексере алады. Мұнда сонымен бірге Бағдарлама шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулық алып, қызықтырған сауалдарға жауап алуға болады.
Сондай-ақ, әр балаға есептелген қаражат туралы деректерді ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетіне кіріп, тексере алады.
2024 жылы 18 жасқа толатын отандастарымыз нысаналы жинақтау шотына түскен қаржысын БЖЗҚ-ның интернет ресурсындағы Жеке кабинеті және (немесе) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өз беттерінше тексере алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатына берілетін нысаналы талаптардың төлемдері туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі егжей-тегжейлі ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).