Қыркүйек айының екінші аптасы Отбасы күніне орай Сарыағаш ауданының полицейлері орталық аурухананың перзентхана бөліміндегі аналармен кездесіп, оларға жақсы көңіл күй сыйлады.
Олай деуге негіз жаңадан дүниеге сәби алып келген аналарға арнайы барып, отбасы құндылықтары жайлы пікір алмаса отырып, нәрестелердің бауы берік болуын тілеп, сый-сияпаттар табыстады.
Өз кезегінде жас аналар бұл игі бастаманы жасап, көңіл бөлгендері үшін полицей мамандығы иелері мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, елімізде отбасы болуға осындай қолдау көрсетіліп тұрса, демографиялық ахуалдың жоғарылайтыны анық екенін жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.