• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН» ҚАЛАЙ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?

Автор:admin

Окт 8, 2024
Spread the love
«Жастар практикасы» бағдарламасы колледж және ЖОО — ның түлектері үшін оқыған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс өтілін алу, яғни тәжірибе жинау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл бағдарлама тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін мол мүмкіндік бере алады. Биыл Түркістан өңірінде «Жастар практикасы» жобасына, 4514 адам жолданған. Аталған жоба бойынша жалақы мөлшері 30 АЕК-ті (110 760 тг) құрап, мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.
Сондай-ақ жұмыс беруші бос жұмыс орны пайда болған жағдайда «Жастар практикасына» қатысушының келісімімен оны тұрақты жұмысқа ала алады.
Бағдарламаның талаптарына тоқталсақ, «Жастар практикасына» қатысушының жасы 35 — тен аспауы тиіс, сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) ЖОО кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеніне 5 жыл толмауы, меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы тиіс.
Биыл облыс бойынша «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 47,6 мың жастарды жұмыспен қамту көзделуде. Сондай-ақ 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдаймен нақты 78,8 мың жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 40,7 мың жас жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында нақты 27 614 жас жұмыспен қамту шараларына жіберіліп, жалпы 10 829 адам тұрақты, ал қалған 11 752 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика