• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАР ОТАНҒА» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 8, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Жастар Отанға» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Жастар Отанға» БПҰ-ның 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ БПҰ-нан Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.
«Жастар-Отанға» бастауыш партия ұйымында – 341 партия мүшесі болса, 7 жұмыс жасаушы, 320 студент, 6 декреттегі ана, 6 жұмыссыз, 2 зейнеткер. Партия қатарына қосылып жатқан жаңа студенттер саны күн санап артуда.
Бастауыш партия ұйымы «Biz Birgemiz» «Жастар-Отанға!» 2025 бағдарламасы, «Жастарға жұмыс», «Ардагерлерді ардақтайық», «Қауіпсіз қала», «Еркін пікір», «Taza like», «Дүйсенбілік футбол», «Жылулық сыйлаймын», «Бақытты отбасы», «Есірткіге жол жоқ!», «Бір толқында», «AMANAT CUP» футбол турнирі, «Рухтастар Cases» жобалары аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «BIR tolqynda», «Рухтастар cases» диалог алаңының 10-нан аса отырысы өтті.
«Taza like» тазалық акциясы аясында Шымкент қаласында бастау алып, дендрологиялық саябақта 300-ден астам табиғат жанашырлары 210 ағаш көшеттерін отырғызды. Аталған акция қазіргі уақытқа дейін үздіксіз жалғасып келеді.
«Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында Шымкент қалалық маслихат депутаттары мен Жастарды қолдау кеңесінің мүшелерінің қатысуымен қаламыздағы тамақтану орындарында және демалыс орындарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал мекен-жайлар бойынша есірткі жазбалары мен суреттерді өшіру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Партия әзірлеген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Аталмыш құжат қарапайым халықтың, әрбір тұрғынның талап-ұсыныстарының негізінде жасақталған. Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді. Жұмыстың нәтижесінде мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Олардың олқылықтарды тез арада ретке келтіруін мониторинг топ қадағалайды.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу қамтылып, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика