• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Автор:admin

Фев 28, 2024
Spread the love

27 ақпанда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Мирас» университетінің ректоры Нұркен Халықберген жоғары оқу орны мен қала әкімдігі  арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары халық арасында ғылым мен жоғары білімді насихаттау, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін мүмкіндіктерді молайту, сондай-ақ оқу-әдістемелік зерттеулерді ілгерілету және іске асыру болып табылады.  Бұл өз кезегінде өңірдің кәсіби әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.

«Қол қойылған меморандум екі тараптың да академиялық қоғамдастық пен қала әкімдігі арасындағы байланысты нығайтуға, инновацияларды енгізуге және Шымкент қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға талпынысын куәландырады», — деп хабарлайды қала әкімдігі.

Тараптар қаланың білім беру және әлеуметтік салаларын дамытуда іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты.  Мамандарға тәжірибе жинақтап,  білім алмасуға мүмкіндік беретін келіссөздің маңызы өте зор.

Сонымен қатар, тараптар «Жайлы қалалық орта» жобасын бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға келісті.

Университетпен тығыз байланыс орнату республикалық маңызы бар қалаға және жалпы өңірге білім беру және әлеуметтік салаларды дамытуда жаңа серпін береді деп күтілуде. Сондай-ақ екі тарап арасындағы ынтымақтастық одан әрі нәтижелі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын және өңірдегі жоғары оқу орындарының арасынан жаңа әріптестерді тартуда әкімдік іске асырып жатқан білім беру саласындағы үдемелі саясаттың алғашқы қадамы  болатынын атап өту қажет.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика