• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 13, 2024
Spread the love

Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.
1. Шымкент қаласындағы «Жұмысшы жастарға» бағдарламасы аясында берілетін 900 пәтерді іске асырылуын қатамасыз ету (жол картасы бойынша).
2. Студенттерді жатақханмен қамту (ЖОО және ОАО).
Кеңес жұмысын қалалық маслихат депутаты, Кеңес төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселерді талқылады және кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, жастарды баспанамен қамтамасыз ету, олардың лайықты тұруы мен оқуы, жұмыс жасауы үшін жағдай жасау мәселесі бойынша қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, білім және тұрғын үй басқармалары баяндама жасады.
Жалпы, бүгінде қалада 50 314 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы 519 арендалық пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы, көпбалалылар, жетім балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне және 900 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға табысталды. Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді жалдау шартының талаптары сақталуы міндетті. Бұл бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады. Еске сала кетсек, Шымкент қаласында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетіні хабарланға еді. Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілетіні де айтылған болатын.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алу құқығынсыз арендалық 1687 пәтер беру жоспарланып, оның ішінде 1407-і пәтер табысталған. Оның ішінде: жұмысшы жастарға жастарға -888 пәтер, жетім балалар – 122, көпбалалы отбасылар – 131, әлеуметтік осал топ – 160, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер-106 берілген.
Жиын қорытындысы бойынша алдағы уақытта көтерілген сұрақтарды бақылауда ұстап, қарқынды жұмыс жүргізілетін болады.⠀

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика