Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатерлі қауіп төндіреді. Жыл сайын әлемде әр түрлі жарақаттардың салдарынан 5 млн. адам көз жұмады — бұл шамамен жалпы өлім санының 9 пайызын құрайды. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің қылмыстық немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып қалады, өмірінен айырылады.
Адамдардың жарақаттану және қаза табу деңгейін төмендетуге не мүмкіндік туғызады?
Біріншіден, оларды бұзу үшін қауіпсіздікті, қауіпсіздік ережелерін сақтау және арттыру үшін жауапкершілік шараларын қамтамасыз ету керек;
Екіншіден, кең бұқаралық тұрғындардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына насихаттау жүргізу, алғашқы көмек көрсете білуге ықпал ету керек.
Қауіптілікті болдырмау үшін: аяқ астына мұқият қараңыздар; аяқты кең баспай, ақырын басыңыз; аяқтың үшімен, артымен баспай, табанға толық басыңыз; тазаланбаған көшелерді және тайғақ жерлерді айналып өтіңіз; құм себілген жаяужолдармен жүріңіз; аяқ киімнің табанына зімпаралы қағазды немесе жабысқыш пластырь жабыстырыңыз; табаны кедір-бұдыр аяқ киім киген дұрыс болар; бойжеткен қыздарға көктайғақ кезінде жоғары, жіңішке биікөкшені ұмытқан жөн болар.
Егер Сіз сонда да көшеде тайғанап құласаңыз және аяқ-қолыңыздың жіті түрде ауырғаның сезсеңіз, өзіңіздің күйіңізді бағалау маңызды.
Сынықтың немесе буын шығудың басты белгілері: қатты ауырсыну; өсе түскен ісік; зақымдалған аяқ-қолдың қысқаруы және оны дұрыс қозғау мүмкіндігі болмау.
Ми шайқалудың белгілері: естен тану (кейде тек аз сәтте); жүрек айну; бас ауруымен байқалады.
Қалай да болсын әрі-бері өтушілердің назарын аударуға, көмек сұрауға тырысыңыз. Олар жедел жәрдем шақырып, немесе жақын травматологиялық орынға жетуге көмектесу керек.