Еңбекші ауданының даму жоспары тек инфрақұрылымды жаңартумен шектелмей, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға да бағытталған. Әрбір шағынаудан мен тұрғын алапта абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. 2023 жылы 29 балалар ойын алаңшасы орнатылды, 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы 44 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жұмыстардың нәтижесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңдары, демалатын орындар мен жаңа жасыл желектер пайда болады. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ауданның көшелері мен қоғамдық орындарын жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 361 көше жарықтандырылған, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 367 көшені құрайды. Сонымен қатар, ирригациялық жүйелерді жақсарту арқылы су басу қаупі бар аймақтарда су ағарлар орнатылуда.
Қала келбетін жақсарту мақсатында 2024 жылы 5 гүлзар салынса, ал 2025 жылы тағы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Бұл жұмыстар тұрғындарға таза және әдемі орта жасауға бағытталған.
Аудан әкімдігі тарапынан жүзеге асырылатын барлық жобалар халықтың талап-тілектерін ескере отырып, ауданның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына зор үлес қосатын болады.