• Сб. Май 3rd, 2025 7:16:42 PM
Популярные метки

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ТАЗА АУЛА» АПТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 23, 2025
Spread the love
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының бастамасымен Ш.Уәлиханов көшесіндегі №200, №202 және №204 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «Таза аула» апталығы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аясында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Аумақтарды тазалау барысында қоқыс алаңдарын жуу, арамшөптерді ору, ағаштарды бұтау, көшелер мен аялдамаларды жуу және сыпыру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстары жүзеге асырылды.
Тазалық жұмыстарына Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Группа Интеко» ЖШС, «Спецавтотранспорт» ЖШС, Шымкент көлік колледжі және белсенді тұрғындар белсене атсалысты. Жалпы саны 150-ден астам адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылды.
Қолға алынған тазалық жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады. Тазалық жұмысына қатысушылар қала аумағының тазалығы ортақ екендігін айтып, тұрғындарды тұрмыстық мәдениетті сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика