2024 жылдың 30 наурызында Полиция басқрамасының бастығы А.Әмзеев «Грамад», «Магнум», «Фиркан Сити» және «Мечта» ірі сауда үйлерінің қауіпсіздік қызметінің басшылармен кездесіп, қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарды тыңдады.
Кездесуде 4 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
— сауда орталықтарында алаяқтардың айласы жайлы немесе басқа да құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша дыбыстық жүйесі арқылы азаматтарға хабардар ету;
— сауда орталықтарында орын алған кез келген құқық бұзушылықтарды жедел алдын алу бойынша өзара іс-әрекету алгоритмін пысықтау, «What’App» әлеуметтік желісінда ортақ чат құру;
— сауда орталықтарында орын алған ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарын болырмау. Күдікті азаматтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне хабарлау;
— сауда орталықтары, осал объектілерінің қатарына кіруіне байланысты террористік тұрғыда қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша мәселерді пысықтау.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу — қоғам алдындағы басты міндет. Әр азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау.
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері: вишинг-әлеуметтік инженерия элементтері бойынша алаяқтықтың бұл түрі азаматтардың жеке ақпаратын телефон арқылы ұрлауға бағытталған; фишинг-бұл пайдаланушыны алдап, өзі және оның картасы туралы құпия ақпаратты ашуға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы. Зиянкестердің басты мақсаты-азаматтардың жеке және Төлем деректерін иемдену, олардың банктік шоттары мен ақшаларына қол жеткізу. Телефон алаяқтарының негізгі схемалары: Алаяқтар ықтимал жәбірленушінің ұялы телефонына қоңырау шалып, оларды банктердің, басқа қаржы ұйымдарының қызметкерлері ұсынады. Қоңырау шалушылар абонның көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін SIP телефония сияқты бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады.
Айта кететін, соңғы жылдары Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері күрт артып, қарапайым халық жиған-тергенінен қағылып жатыр. Алаяқтардың қитұрқы әдістері одан әрі дамып, адам сенімін улап бітті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созамын деушілер үшін технология да дамып кеткен. Ұялы телефондағы қосымша арқылы кез-келген соманы аудара салу оп-оңай. «Ауырып жатқан бүлдіршінге көмектестім» деп, аударылған қаражат қалай және қайда жұмсалғанын білмейміз де. Алайда қайырымдылық ісінде де алаяқтық белең ала бастады.