Бүгін қарттар күні. Елдің дамуы мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келе жатқан қарттарымыз бүгінде арамызда көп. Олар кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келеді. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімен жақындатуда жастар осы қарттардан тәлім алады. Өзінің өмірін еңбеке арнап, зейнет жасына жетседе арамызда бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүрген жандар да көптеп кездеседі.
Солардың бірі, Балбаев Әбдімәлік Балбаұлын айтуға болады. Ол бүгінде Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының статист қызметкері болып еңбек етіп жүр. Еңбек жолын 1973 жылы жай слесарь-сантехник болып бастаған. Әбдімәлік Балбаұлы түрлі салада адал еңбек етіп, өз ісінің хас шеберіне айналады. 50 жыл еңбек өтілі бар Әбдімәлік Балбаұлы бүгінде зейнеткер. Бірақ еңбек етіп үйреніп қалған ол, еңбек демалысында болса да еңбектен қол үзген жоқ.
Қазіргі кезде тұрғын үй басқармасының статист қызметкері ретінде жұмысқа аса жауапкершілікпен қарап, өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы орындап, жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.
Тұрғын үй басқармасына тұрғын үй мәселесімен келген әрбір қала тұрғынына толық ақпарат беріп, басқарманың барлық қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас та орнатқан. Сонымен қоса осы мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде кәсіподақ жұмысын дөңгелетіп отырған жан.
Әбдімәлік Балбаұлы — әрқашан өз өмірлік ұстанымына адалдықпен қарап, өзінің бай өмірлік тәжірибесі мен еңбек дәстүрлерін жастарға сіңіріп келеді. Жастар да аға буын өкілінен үнемі ақыл-кеңес алып отыруды әдетке айналдырған.