Есірткі сатумен айналысатын топтар жарнама құралы ретінде әлеуметтік желіні, граффити суреттерді жиі қолданатыны мәлім. Кез келген әлеуметтік желіде жастар мен жасөспірімдер белсенді екенін ескерсек, мұндай жарнама атаулының ел болашағына айтарлықтай қауіп төндіретінін айқын сезінеміз.
Нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келеді.
Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әр түрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін көрсетеді.
Нашақордың мүдделері тек есірткі заттарын өндіруге және қолдануға бағытталғандықтан, оның қарым-қатынас шеңбері тарылып, негізінен қоғамға қарсы тұлғалардан тұрады. Нашақор біртіндеп бәрін жоғалтады: жұмыс орны, достары, отбасы. Қоғам үшін бұл мүлдем пайдасыз болады, сондықтан қоғам нашақорлықтың өсуін азайтуға және тәуелді адамдардың толыққанды өміріне оралуға тырысады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, күнделікті қала аумағында есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестер заңсыз насихатталған және жарнамаланған орындарды анықтап, оларды жою бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде, осы жылы 8 айда полиция қызметкерлері 5 мыңнан астам есірткі жазбаларын анықтап, олардың көзін жойды.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекеттердің куәісі болған жағдайда бірден полицияның «102» арнасына хабарлауға шақырды.
Сонымен қатар,есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары басты назарда.