• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕЛ ҚОРҒАУ ІСІНДЕ ӘКЕ МЕН ҰЛ БІРГЕ ҚЫЗМЕТТЕ

Автор:admin

Июн 23, 2024
Spread the love

ҚР Ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген отбасылық полицейлер аз емес. Солардың бірі Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Болат Асанов пен Ермек Болатұлы.
Бала кезінен еліне қорған болуды мақсат тұтқан Болат Асылханұлы ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері қызмет атқарады. Ал әке жолын жалғаған Ермек Болатұлы бұл қызметке 2023 жылы келді. Әкесі Кентау қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, ұлы небір күрделі істерді тергеп келеді.
Айта кететін, полиция қызметін сервистік модельге көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жағдайларын құру бағытында жергілікті полиция бөлімшесіне, соның ішінде учаскелік полиция инспекторларына ауқымды міндет жүктеліп отыр.
Полицияның сервистік моделі дегеніміз бұл құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция мен қоғаммен бірлескен қызметі болып табылады. Бұл ретте, қоғам мүшелері қауіпсіздікке қатысты мәселелерді анықтау процесіне белсенді қатысатын болады. Азаматтар құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күресте өз көмектерін тигізе алады.
«Бір салада еңбек ету, жауапкершілікті ғана емес, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты қалыптастырады. Кәсіпке адалдық, қиын да жауапты істі абыроймен атқару басты ұстанымымыз! Әрқашан ұлыма ақыл-кеңесімізді айтып, халыққа қалтқысыз қызмет етуін міндеттеймін. Басында отбасымызбен ұлымыздың осы салаға келуіне қарсы болдық. Десе де балам нақты шешім қабылдағанын айтып сендірді. Бүгінде міне, өзіммен бірге қызметте» — дейді полиция полковнигі.
Қызығы мен қиындыгы қатар кездесетін жауапкершілігі мол саланы арқалап жүрген әке мен бала көпке үлгілі қызметкерлер. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика