• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЕЖЕЛГІ ШЫМКЕНТ ЦИТАДЕЛІНДЕ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» МЕН «ЖАСТАР РУХЫ» ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Июн 26, 2023
Spread the love
Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» мен «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының мүшелері ежелгі Шымкент Цитаделіне экспедиция жасады.

Экспедиция барысында мұражайдың ішіне экскурсия жасап, жастарды еліміздің тарихымен таныстырды, өлкенің тарихи жәдігерлері туралы көптеген тың мәліметтер ұсынды.
Айта кетсек, мұнда өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті.
Қазба жұмыстары археологтарға Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуға негіз берді. Сонымен қатар, бұл жер өзінің тарихи өзегін сақтаған Қазақстандағы жалғыз қала — қазіргі заманғы қала құрылысының орталығында цитаделі бар елді мекен.
Шара барысында «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастарды белсене жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, шарада «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын жеткізді. Бүгінде жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жатады. Олар елдің тыныс-тіршілігіне де белсене араласып, оның алға қарай даму жолында бірлесе жұмыс атқаруға алдарына міндет қойған. Ең басты бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру болып отыр. Осы бағытта жұмыс істеп жүрген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы да жандана түскен. Жалпы ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топтастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Басқосуда ұйым мүшелері бірлестіктің қызметі мен ары қарайғы даму мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалды рөлін күшейту мақсатында қалалық және аудандық деңгейлерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы сынды қоғамдық құрылымдар қызмет атқарады.

 

 

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика