Жетісай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.
Белгілі болғандай, күдікті жігіт таңғы уақытта терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, темекі, алкогольді ішімдіктер мен азық-түліктерді алып жатқан жерінен ұсталған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның тағы бір ұрлыққа қатыстылығын анықтады.
Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Дүкенге ұрлыққа түскен жігітті полиция қамауға алды
