• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАЛАЛЫ КӨП

Автор:admin

Апр 11, 2023
Spread the love

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында – «Дәстүрлі емес діни ағымдардың шығу жолдары» тақырыбында Инновациялық техникалық колледжінің жастары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қалматаева Мадина Қайратқызы және Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Деструктивті ағымдардың ассоциалдық және кей жағдайда қылмыстық сипаты жасырылады. Мұндай бірлестіктердегі психологиялық зорлық-зомбылық сүйіспеншілік пен қамқорлық түрінде ұсынылады. Әдетте, адам топтық құпиялылық күйіне көшіп, өз ортасындағы адамдардың ғана қарым-қатынасын шынайы, құнды деп бағалайды. Деструктивті діни ағым өз ұстанушыларына жеке және топтық сабақтар мен тренингтер үнемі өткізіп отырады. Ағым мүшелері «ағартушылыққа» уәде беретін ақысыз семинарлар өткізеді, оны “адамдардың бір-біріне қайырымды болу қажеттілігі” деп атап өтеді. Жеке тұлғаның ортаға сіңісіп, өз орнын тауып, жеке тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін деструктивті ағымдарға тән “топтың әрбір мүшесінде жеке мүлкі болмауы керек, оған топ ұйымдастырушылары көмектеседі” деген ойға сендіреді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика