«AMANAT» партиясының жемісті жүзеге асып келе жатқан жобаларының бірі – қоғамдық қабылдаулар алаңы. Халықпен көзбе-көз кездесіп, мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілегін есту – мемлекеттің әлеуметтік бейнесін анық түсініп, қоғамдық тынысын айқын сезінуге бірден-бір таптырмас тәсілі.
Бүгін, «AMANAT» партиясы Шымкент филиалы қоғамдық қабылдау алаңында мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қалмұратов Мұратәлі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оны оң шешуге ат салысуды сұрады. Халық қалаулысы азаматтарға тұрғын үй, жұмыспен қамту, жол мәселелері бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға бір реттік көмек көрсетті.
Айта кетерлік, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Жалпы Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы саны 1900 отбасы арендалық пәтермен құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай қамтылатын болады.
Оның ішінде тұрғын үй кезек реттілігі бойынша 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Бұдан бөлек 900 пәтерге жұмыс істейтін жастар қоныстанатын болады.
Өткен жылы қалада 1687 арендалық пәтер сатып алу құқығынсыз үлестірілген болатын. Оның ішінде 35 жасқа дейінгі жұмысшы жастар мен түрлі санаттағы кезекте тұрған азаматтар бар.
Сонымен қатар, жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жолдардың сапасын арттырып, апатты жағдайлардың азаюына және көшелердегі кептелістерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Қонаев даңғылының жалғасы 7 кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталып, 1, 3 және 4-кезеңдері пайдалануға берілді, 2 және 5-кезеңдерін жүзеге асыру бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Өтегенов көшесі ұзартылып, 1,2 кезектері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы Қонаев 2-кезеңін, ал Өтегенов 1,2-кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл ретте қала әкімдігі қалаішілік жолдарға ғана емес, тұрғындар үшін де, көршілес аудан, қала тұрғындары үшін де маңызды айналма жолдарға да ден қоюда. А-2 айналма жолын қайта жөндеу жұмыстары мегаполис басшысының тікелей бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар 8 кезеңнен тұрады, оның 1, 2 және 3-і аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілді, 4, 7 және 8-кезеңдерін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал 5 және 6 келесі жылы қолданысқа беріледі.
