• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Автор:admin

Сен 24, 2024
Spread the love

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мұратәлі Қалмұратов қала тұрғындарын жеке қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады. Кездесуге 20-ға жуық азамат қатысып, әлеуметтік көмек сұрағандар саны басым болды.
Депутат қабылдауда азаматтардың бірқатарына бір реттік көмек көрсетті. Кейбір мәселелер бойынша заң аясында тиісті жауап беріп, бағыт-бағдар сілтеді. Тұрғындар арасында бірнеше ата-ана өз балаларын жазықсыз сотталғандығы туралы шағымданды. Олар балаларын әлеуметтік желі арқылы әлдекімдердің арбауына түсіп, есірткі тасымалдайтындардың қатарына кіріп кеткенін айтты.
Мұратәлі Оразәліұлы қала тұрғындарының мәселелерін назардан тыс қалдырмайтынын айтып, осы жағдайға қатысты ҚР Парламент Мәжілісіне ұсыныс жазғанын жеткізді. Депутаттың бұл қадамы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын көрсетеді.
Қабылдау барысында азаматтардың ұсыныстары мен талаптары тыңдалып, депутаттық фракцияның жұмысы барысында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударылатыны айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика