Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғарин қала тұрғындарын жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Келушілердің басым бөлігі жер саласы, алаяқтық, прокуратура және құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына наразылықтарын айтты. Сондай-ақ, жеке меншік бала-бақшасына тиісті басқарма тарапынан белгіленген қаражатты ала алмай отырғаны жайлы айтып, көмек көрсетуді сұрады.
Айта кететін, интернет алаяқтыққа қарсы күрес шаралары да күшейтілгенін жеткізді. Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп енгізілген арнайы жүйе шетелдік алаяқтардың «ауыстырылатын ұялы телефон нөмірлерін» бұғаттауды жалғастыруда. Өйткені алаяқтар банктердің қысқа нөмірлерінен қоңырау шалуды үйренді.
Қазірге дейін интернет арқылы жасалған 45 миллионнан астам алаяқтық қоңырауға тосқауыл қойылған.
Алайда ІІМ басшысының мәліметінше, осыдан кейін алаяқтар қазақстандықтарға көбінесе, мессенджерлер арқылы телефон соға бастаған. Соның ішінде видеоқоңырау шалу жиілеген.
Алаяқтар қанжығасында кеткен қаржы көбіне қайтпайды. ІІМ дерегінше, 3 жыл ішінде қабылданған шаралар бойынша азаматтарға тек 1,9 миллиард теңгеге жуық келтірілген залалды өтеу мүмкін болған.
Елден шығару сатысында тұрған 300 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталды.
Дегенмен, Қазақстанда да алаяқтар жетерлік, олар ел ішінен қоңырау шалып, халықты мұзға отырғызуын жалғастырды.
Биыл бұл салада стратегиялық және жүйелі тәсілді қалыптастыру үшін Қазақстан Еуропамен ынтымақтастық құруда. Ішкі істер министрлігі уәкілетті меморгандармен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп, киберқылмысқа қарсы күрестің кешенді жоспарын әзірлеуді бастады.
Соның аясында азаматтарды қорғауға және телефон мен интернет алаяқтықтың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қаралып, қолдау тапқан.
Департамент басшысы тұрғындарға заң аясында жауап беріп, айтылған мәселелерді жіті бақылауына алатындығын жеткізді.