• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау рәсімі өтті.
Партия төрағасы Бахадыр Нарымбетов қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінің бірқатар қызметкерлеріне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатын табыстап, аса жауапкершілікті талап ететін қызметтеріне сәттілік тіледі.
— Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздер әр науқастың жанына желеу болып, олардың саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып келесіздер. Сіздердің игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз денсаулық саласы жолында аянбай жасап жатқан қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздерге және отбасыларыңызға баянды бақыт, мықты денсаулық, таусылмас қуаныш және жауапты да аса маңызды еңбектеріңізге мол табыс тілеймін, — деді Б.Мәдәліұлы.
Айта кететін, «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты»- дей келе, медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударып келеді.
Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде өмір сүру ұзақтығы 2 жасқа (73-тен 75 жасқа дейін) артқанын, жалпы өлім – 9%-ға, ана өлімі – 16,8%-ға, нәресте өлімі – 8,5%-ға, қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – 11,9%-ға және қатерлі ісіктерден болатын өлім – 15,3%-ға төмендегенін атап өтемін.
Саланы қаржыландыру көлемі де жоспарлы түрде өсуде, өткен жылы біз 4,7 трлн.теңге нақты белгіге немесе жалпы ішкі өнімнің 4%-ына жеттік. Бұл соманың 67%-ы мемлекетке, 33%-ы жеке шығыстарға тиесілі. Мұндай шығыстардың құрылымы медициналық көмектің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуде белгілі бір алаңдаушылық тудырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика