• Пт. Июн 27th, 2025
Популярные метки

ГРАНТ АЛҒАН ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР ШҰБАТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДІ АРТТЫРУДА

Автор:admin

Июн 27, 2025
Spread the love
Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылуда. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары ҚР Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ережелері аясында іске асырылуда. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлерге қайтарымсыз негізде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант қарастырылған. Қолдау әсіресе, әлеуметтік салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болып отыр.
Шымкенттік жеке кәсіпкер әрі көпбалалы ана Айжан Райымбекова мемлекеттен алған 5 миллион теңге көлеміндегі грант қаржысына шұбат өнімдерін өндіруге қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алған. Бұл мүмкіндік Айжанға кәсібін ұлғайтуға, жаңа өнім түрлерін нарыққа шығаруға жол ашты. Бүгінде дайын өнімдер тек Шымкентте ғана емес, өзге өңірлерде де сатылуда.
Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары қатыса алады. 2024 жылдың қазан айында ұйымдастырылған байқау аясында 31 өтініш қабылданып, 19 жоба жеңімпаз деп танылды. Жалпы көлемі 95 млн теңге мемлекеттік грант табысталды.
Айта кетейік, 2025 жылға арналған конкурсқа мемлекеттік бюджеттен 196 млн теңге бөлініп отыр. Бұл – әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерліктің дамуына тың серпін беретін маңызды қолдау.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика