• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендер: әйелдің демографияға үлесі…

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Мәселен, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Жауға қарсы шауып, елді қорғау секілді ауыр жұмыстарды ер кісіге жүктеледі. Әлемдегі екі жүз мемлекет болса, солардың ішіндегі Германия, Үндістан және Қырғызстан елін әйел қалғандарын ер кісілер басқарады. Осының өзі табиғи көрсеткіш. Гендерлік саясат пен әйел теңдігін желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. Батыста XIX ғасырдың өзінде әйелді адам құрлы санамай, қоғамда өз орнын таба алмай қорланып жүргендіктен, XX ғасырдың екінші жартысына қарай теңдікке ұмтылыса бастады, бұл салада бізден үйренері көп. Оған Джек Лондонның «Әйелдердің ерлігі» , Г. Флобердің «Бовари ханшайым» атты кітабын оқысаңыз көз жеткізесіз. Қазақ ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамаған. Мұны өткен тарихымызды мұқият оқып шыққан адам ғана түсіне алады, олардың басты мақсаты—сүйікті қыз, адал жар, аяулы ана, асыл әже атану ғой. Әйел қауымы бірінші кезекте өмірге ұрпақ әкеліп, оны жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, қоғамға қосар болса, еліміздің қарыштап дамуына одан артық қосатын үлкен үлес жоқ. Ұлт мәселесін былай қойғанда, әйелдің өмірдегі ең зор бақыты да байлығы да бала болса, ондай бақыттан қашу ақылға сыйымсыз. Бала таппаған қатыннан, лақтаған ешкі артық. Өліп қалған арыстаннан, тірі жүрген тышқан артық. Бәйге алмаған жүйріктен, қарны жуан бесті артық. Байлаусыз бос шешеннен, үндемейтін есті артық, деген Бұқар жырауды бүгінгі қазақ ескермейтін болды. Ал, гендерлік саясаттың мақсаты, меніңше қоғамның дамуын кері тартатын жаңа типтегі әйелдер қауымын тәрбиелеу. Анаған-мынаған еліктеуді қойып, ер-азаматқа арқа сүйеп, алтын басын бағалап, өз орнын біліп отырған әйелдің екі дүниеде де бағы жанады. Әйелдің бағы ерімен бірге. Еркегі жоқ, отбасы жоқ әйел ешқашан бақытты болмайды. Жападан жалғыз қашан бақытқа жетіп еді? Ендеше, әйелге қандай теңдік керек? Еркек жеткен биікке өзім-ақ жетем деген әйелдер, әйелдік қасиетінен айырылады. «Менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған қазіргі заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген кәрі қыздардың саны бес жүз мыңға жетіпті. Сан алуан қасқыр еркектің алдынан өткен әйелдердің билікке қалай жететінін қазір жас балада біледі. Ақша молырақ тапқан әйел күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика