Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында ағымдағы жылдың 23-26 мамырында 35 жастан асқан ересектер арасында волейболдан облыстық жарыс оздырылды, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жарысқа облысымыздың барлық аудандары мен қалаларының командалары қатысты. Осы тартысты өткен жарыста Кентау қаласының құрама командасы үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Мейірбек Ниязбеков жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясына ие болды.
Құттықтаймыз!