ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады.
Облыста 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы шешу жоспарлануда. Жаңа мектептің құрылысы Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағынауданында жүргізіліп жатыр. Мұнда тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу мектептерге жүктемені арттыруда. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 2000 орындық нысан қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Тамара Дүйсенова оқушылар үшін білім нысанын аралап, оқушыларға жасалатын жағдайлармен танысты. Білім ұясы оқу кабинеттері, спорт залдары мен асхана, сондай-ақ қауіпсіздік жүйесімен, турникеттер мен бейнебақылау камераларымен қамтылған.
«Балалардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалуы керек. Мұғалімдерге, олардың біліктілігіне ерекше назар аударған жөн. Президент білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді және осы мақсатта ұлттық жоба басталды. Ол өзінің Жолдауында «Жайлы мектептерді» басқару моделін құру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта жұмыс жүреді», деді Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер сонымен қатар облыс орталығындағы №28 мектепке де барып, орта білім беру саласындағы цифрлық шешімдермен танысты. Мысалы, «Алақан» жүйесі оқушыларға биометриялық бақылау арқылы ғимаратқа кіруге, асхана мен кітапхананы пайдалануға мүмкіндік береді. Ол балалардың жеке деректерінің қорғалуына да назар аударды.
Президент өз Жолдауында келесі жылдан бастап «Әлеуметтік әмиян» механизмін енгізуді тапсырды. Облыста мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін осы жобаны қолдану бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру үшін ваучерлік қаржыландыру жобасы ұсынылды. Бұл жағдайда ата-аналар балаларын балабақшаға емес, жергілікті бюджеттен бөлінген ваучерлерге кезекке тіркейді. Еркін орын таңдау арқылы «ақша – қызмет алушыға» принципі жүзеге асырылады.
Сапар барысында Тамара Дүйсенова Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының жұмысымен танысты. Мұнда «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылды. Онда 12 колледжде өндірілетін өнімдер көрсетілді, оның ішінде балық өнімдері, ветеринарлық техника, роботтар және металл өңдеу өнімдері бар.
Сапар аясында облыста білім сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Мәжілісті облыс әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды.
Кеңеске мектеп директорлары мен колледж басшылары қатысты. Өңірде Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мектептермен кешенді жұмыс жүргізілуде. Халықаралық және ішкі зерттеулер нәтижелері бойынша білім беру нысандары 3 санатқа бөлінді. Әр санат үшін KPI анықталды. Түркістан облысында 280-ден астам мектеп «Мақсатты мектептер» ретінде белгіленді. Олар министрлік жанындағы институттармен әдістемелік көмек алады. Бұл мектептердің мұғалімдерін үш деңгейлі оқыту қарастырылған.
Президент өз Жолдауында ттехникалық және кәсіби білім беру саласын трансформациялау міндетін қойды. Кеңесте осы бағытта қабылданатын шаралар туралы айтылды. Мысалы, жан басына қаржыландыру нормативі қайта қаралып, базалық және ынталандырушы бөлікке бөлінеді. Халықаралық стандарттарды енгізген және түлектерін жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған колледждер жоғары қаржылай қолдау ала алады. Мұндай оқу орындарының мысалы ретінде Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжін атауға болады. Ол білім ұясы NCCER стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.
«Баланы балабақшадан бастап, колледжге дейін жан-жақты дамыту керек. Бұл – біздің негізгі міндетіміз. Балабақшалар мен бастауыш сыныптардағы бағдарламаларды синхрондау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, оқу барысында салалық стандарттарды енгізу және басқа да шаралар балалардың тұлғасын дамытуға бағытталған. Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек», деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары.