• Вт. Июл 1st, 2025
Популярные метки

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 1, 2025
Spread the love

28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді.
Аталған шара Шымкент қаласы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Будапешт қалалары арасында тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Бұл бағыт екі қала арасындағы туристік және іскерлік байланыстардың дамуына тың серпін беріп, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика