• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ГРЕК РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСҚАН СПОРТШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Сен 2, 2024
Spread the love

Бүгін Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғасбек Оразбекұлы жуырда Иордания елінде өткен Әлем біріншілігінде 51келі салмақ дәрежесінде күрескен кентаулық спортшы Ерасыл Мусанды қабылдады, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
— Жеңіс тұғырынан көрініп, қаламыздың атын танытып жүрген спортшыларымыз жетерлік. Өздеріңіз секілді жас спортшылар біздің болашағымыз. Сіздерге қарап басқа да жастар бой түзейді, спортпен айналысқысы келеді. Әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спортты дамытуда үлестеріңізді қоса бересіздер деп сенім білдіремін — деп, алдағы күндерде де жеңісті күндеріңіз көп болсын деген ізгі ниетін жеткізіп, жас спортшыға Алғыс хат табыс етті.
Ерасыл Амирханұлы 30.01.2007 жылы Кентау қаласы, Ащысай ауылында дүниеге келіп, 4 сыныптан бастап грек рим күресімен шұғылданып келеді. Грек рим күресінен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2022 ж Азия біріншілігінде ІІ орын, 2024 жылы Испания елінде өткен халықаралық жарыста І орын, 2024 жылы тамыз айында Иордания елінде өткен Әлем біріншілігінің қатысушсы болған. Кентау қаласынындағы Б.Саттарханов атындағы № 1 БЖСМ-нің түлегі, жаттықтырушысы Жасулан Аймурзаев.
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика