Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігінде кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелеріне арналған жұмыс жиын өткізілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев төрағалық етті.
Кеңес жұмысына аудандық білім бөлімінің, полиция бөлімінің, жастар ресурстық орталығының және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.
Жиын барысында аудандағы жасөспірімдермен тәрбие, құқықтық сауаттылық және әлеуметтік қолдау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланып, өзекті мәселелер қозғалды.
Нұрпеис Ақбаев өз сөзінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – барша жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысын талап ететін маңызды міндет екендігін атап өтті. Ол мектептердегі тәрбие жұмыстарының мазмұнын арттыру, әлеуметтік осал топтағы балалармен жүйелі жұмыс жүргізу және полиция, білім беру ұйымдары мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін айтты.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді:
Білім бөліміне – барлық білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие жұмыстарын күшейту, «тәуекел» тобындағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
Ішкі саясат бөліміне – ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Полиция бөліміне – мектеп инспекторлары арқылы алдын алу шараларын жандандыру және түнгі рейдтерді тұрақты түрде өткізу;
Жастар ресурстық орталығына – жастарды мәдени, спорттық және еріктілік жобаларға тарту арқылы бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Нұрпеис Ақбаев бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау керектігін және берілген тапсырмалардың орындалу барысы бойынша тиісті есеп ұсынылуы тиіс екендігін ескертті.
