Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру бойынша жиын өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Жанғазиев Бағдатбек Пердебайұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудандағы ауылдық округтері әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Аудандық полиция бөлімінің тергеу ісі жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Мұстафаев Рүстем Нұрмұхаммадұлы аталған Заңға енгізілген толықтыруларға ақпараттық түсіндірме беріп өтті. Жиында, Заңның қолданылу аясы жөнінде қойылған сұрақтарға жауаптар берілді және аудан көлемінде отбасылық жанжал барысындағы полиция қызметкерлерінің қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімі