Аудан орталығы Шаян елді мекенінде орналасқан “Шаян” мектеп — лицейі” КММ-де реновация бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп ғимараты 1976 салынған, 3 қабатты, 2 корпустан тұрады. 700-ден астам оқушы білім алуда. Қазіргі таңда мердігер мекеме — «КазСтройЭверест» ЖШС тарапынан 314 млн 160 мың теңге қаржы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мектептегі жөндеу жұмыстарының барысын аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы және аудан әкімінің орынбасары Ақбаев Нұрпеис Оразханұлы құрылысты аралап, мердігер мекеме және жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Жаңа оқу жылының басталуына дейін жөндеу жұмыстары аяқтауды және жұмысшылар санын арттыру, сапаға мән беру керектігі айтылды.
Реновация жұмыстары ескірген білім нысандарын ыңғайлы әрі заманауи ғимаратқа айналдыруға бағытталған.