Бүгін, 30 мамыр күні ауданда «Халық заңгері» атты жалпы республикалық акция өтті. Іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткізілді.
Бұл бастама ҚР Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Іс-шара барысында тұрғындар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменты, адвокаттардан, заң консультанты, нотариустардан, сот орындаушыларынан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен және дербес бөлім мамандарынан қажетті кеңестер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.
