• Сб. Май 31st, 2025
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ақбаев Нұрпеис Оразханұлы төрағалығымен 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай мекеме басшыларымен жиын өтті.
Жиынға аудандық полиция, білім бөлімдерінің, жастар орталығының басшылығы және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуы, Соңғы қоңырау шараларын үйлестіру, ҰБТ өткізу, балалардың жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру, қауіпсіздікті күшейту мәселелері қаралды.
Аудандық білім беру ұйымдары мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, “Соңғы қоңырау” және ҰБТ өткізу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде қоғамдық орындарда болуын болдырмау бағытында полиция және жастар ұйымдарымен бірлескен рейдтерді күшейту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балалардың тиімді тынығуын ұйымдастыру – маңызды міндеттердің бірі екеніне назар аударды. Осы орайда, жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысын жүйелі жоспарлап, балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне жағдай жасау тапсырылды.
Жиын соңында барлық жауапты тұлғаларға оқу жылын сәтті әрі қауіпсіз аяқтау бойынша нақты міндеттер жүктеп, орындалуын жеке бақылауға алатынын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика