• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БӘЙДІБЕК: МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 4, 2024
Spread the love

Бәйдібек ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда 4 маусым – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне» орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
уелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. 1992 жылы Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрды. Осыдан кейін ел аумағында конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 мыңнан аса нұсқа түскен. Ал Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысқан. Ту, Елтаңба және Әнұран бүгінде мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының біріне айналды. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, жыл сайын дәл осы күні Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Бүгінде еліміздің әр аймағында бірқатар іс-шара жоспарланған. Мерекелік концерттер, түрлі байқаулар мен патриоттық кештер өтеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сүйемелдеуімен тутұғырға Мемлекеттік Туды «Қазақ күресінен әлем чемпионы», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Қасымхан Түленбай көтерді.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов барша тұрғындарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты өткен салтанатты шараға аудандағы құқық қорғау органдарының басшылары, қызметкерлері және барлық мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айбыны асқақ көк Туымыз мәңгілік желбіресін! Туымыз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика