Құрметті Бәйдібек ауданының тұрғындары!!!
2024 жылдың 14-15 маусым күндері Бәйдібек ауданы аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты– азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету,.
Акция барысында жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселелері бойынша сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
«Жолда қабылдау» алдын алу іс-шарасы бүгінгі күні өте өзекті, себебі жұртшылыққа ыңғайлы уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында консультациялық және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.
Ал негізгі мақсат –жұртшылықтың назарын жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін сақтауға аудару. Себебі, осы және басқа ережелерді сақтамау жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырады.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімі