Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру мекемесінде болып, жазғы дала және орман өрттерін сөндіруге арналған техникалар мен құралдарының дайындығын көрді.
Аудан бойынша өрт сөндіру мекемелері 10 өрт сөндіруге арналған арнайы автокөлік және 5 қосалқы техникалармен қамтамасыз етілген. Барлық техникалар қанағаттанарлық жағдайда.
Сонымен қатар, бөлімнің жеке құрамы жазғы дала және орман өрттерін сөндіруге арналған өрт сабалағыш (хлопушка), аспалы өрт сөндіргіш (ранцевый огнетушитель) құралдарымен қамтамасыз етілген.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов аталған мекеме басшыларымен жағдайды саралап, ауылдық округтердің әкімдерімен байланыса отырып, ерікті өрт сөндіруші жасақтармен бірлесе жұмыстарды үйлестіріп, дала және орман өрттерін дер кезінде шұғыл сөндіруді жүктеді.
Жалпы ауданда Шаян ауылында 1 өрт сөндіру бөлімі, Бәйдібек ата, Боралдай және Мыңбұлақ ауылдарында барлығы 3 өрт сөндіру бекеттері жұмыс жасайды.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі